Жыл соңына дейін үй бағасы қалай өзгереді?
Жыл соңына дейін үй бағасы қалай өзгереді?
7 жыл бұрын 3466 naryk.kz

Қыркүйекте ескі және элиталы үй бағасы өсті, деп хабарлайды Homsters.kz сараптама орталығы. 

Сарапшылардың пікірінше, төртінші тоқсанда теңге курсы тұрақты болған жағдайда баспана нарығында баға әрқилы бағытта өрбиді: қайталама нарықтағы үйлер арзандаса, жаңадан салынған үйлердің бағасы тұрақталады.

Күздің басында Астанадағы шаршы метр бағасы 1,7% қымбаттап, 325,9 мың теңгеге жетсе, Алматыда 4,6% қымбаттап, 365,6 мың теңгеге көтерілді. Ал Шымкентте баға 3,1% қымбаттап 203,8 мың теңгеге жетті. Қарағандыда бұл көрсеткіш 7,7% көтеріліп, 194,9 мың теңгеге жетті.

«Қыркүйекте әдетте баға осылайша айтарлықтай өзгеріске түседі. Оған себеп жаз айларындағы бәсеңдеуден кейін жыл соңына қарай нарықтың қайта жандануынан дәмелену», дейді онлайн қызметтің басқарушы серіктесі Мария Рен.

Оның айтунша, бағаның өзгеруіне одан бөлек теңге бағамының 2 пайызға әлсіреуі әсер еткен.

«Әлі де болса кей сатушылар бағаны доллармен есептейді, сондықтан теңгенің әлсіреуі бағаның қымбаттауына алғышарт болып отыр», дейді сарапшы.

Сарапшының айтуынша қыркүйекте Астанададағы баға өскенімен, Алматыда керісінше сәл арзандаған. 

Сонымен қатар сарапшы жыл соңына дейін элиталы үй бағасының айтарлықтай өзгеріске түсе қоймайтынын алға тартты.

0 пікір
Мұрағат