Жыл сайын Қазақстанда мамандығы жоқ 21 мың адам жұмысқа орналасады
Жыл сайын Қазақстанда мамандығы жоқ 21 мың адам жұмысқа орналасады
10 жыл бұрын 2879 inform.kz

Жыл сайын Қазақстанда 21 мың адам мамандықсыз-ақ жұмысқа орналасады. Бұл туралы ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлім етті. «Біз соңғы 3 жылда мектеп бітірген түлектердің үлесін талдап көрдік. Осы аралықта 9 сыныптан кейін түлеген оқушылар саны 220 мың болса, 135 мың түлек мектепте қалады, олар жоғары оқу орындарына түсуге ниеттенеді. 85 мың адам колледждерге 9 сыныптан кейін, 33 мың адам 11 сыныптан кейін барады. Өз кезегінде 21 мың адам жыл сайын мамандықсыз жұмысқа орналасады», - деп атап өтті вице-министр. Оның мәліметтері бойынша Қазақстанда 807 колледж бар. Онда 499 мың адам оқып жатыр. Олардың ішінде 98 мың студент - жұмысшы мамандықтары бойынша білім алуда. Бұл шамамен студенттердің тек 20 пайызы. 242 студент мемлекеттік тапсырыспен мамандық алып жатса, ақылы негізде 257 адам оқытылуда.

0 пікір
Мұрағат