Жыл сайын елімізде 50 мың жыртқыш құс опат болады. Бір ғана себептен...
Жыл сайын елімізде 50 мың жыртқыш құс опат болады. Бір ғана себептен...
3 жыл бұрын 2156 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Еліміздегі экологиялық ұйымдар қауымдастыңының жетекшісі Айгүл Соловьева онлайн режимінде өткен мәжілісте еліміздегі жыртқыш құстардың саят үшін заңсыз ауланып жататын әрі контрабандалық жолмен шетел асып жататын фактілері кездесетінін айтып қалды. Бұл жайында islam.kz порталы мәлім етеді. Сарапшылардың есебінше, жыл сайын еліміздің аумағында 50 мыңнан аса жыртқыш құс оғары кернеулі электр желісінен опат болады. Бұл жайт өз кезегінде Қызыл кітапқа енгізілген, яғни, жойылу алдында тұрған, сирек кездесетін құстардың күрт азаюына апарып соқтыруда. Ал биологиялық әр алуандылықты зерделеу әрі сақтау орталығының атқарушы директоры Нұрлан Оңғарбаев жыртқыш құстар жемтігін аулау үшін төңіректі барлау мақсатында биік жерлерді таңдайтынын айта келе мидай жазық далада олар қонатын дөңес жерлердің болмауы себепті қырылатынын алға тартып отыр, дәлірегі, жазық далада тартылған электр желісіне қонамын деп опат болады. Оның айтуынша, әрбір он шақырым сайын орташа есеппен үш құс өледі ток соғып. Олардың жартысынан көбісі Қызыл кітапқа енгізілген құстар. Бұл пропорцияны бір ғана Атырау мен Маңғыстау облыстары аймағындағы жоғары кернеулі электр желісіне қатысты қолдансақ, аталған екі өңірде жыл сайын шамамен Қызыл кітапқа енгізілген 2 мың құс өледі. Бұл проблеманы шешудің ең оңтайлы жолы – кернеуі жоғары электр желілерін диэлектрлі қалпақ деп аталатын құстарды қорғайтын құрылғымен жабдықтау. Алайда, ең тиімдісі – электр желісін жерасты желісімен алмастыру. Бұл шара мейлінше арзанға түседі әрі қауіпсіз, сондай*-ақ, экологиялық зияны аз. Мұндай нұсқа "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбыры тартылғанда қолданылған. Бұдан бөлек, Нұрлан Оңғарбаев заңнамаға «құсқа қауіпті конструкция» терминін енгізуді ұсынып отыр. Бұл өз кезегінде болашақта қандай да бір құрылыс жобаланғанда әрі жүргізілгенде құстардың қауіпсіздігін ескеруге мүмкіндік береді. 

0 пікір
Мұрағат