Жыл басынан бері қанша теңгенің мұнайы өндірілді?
Жыл басынан бері қанша теңгенің мұнайы өндірілді?
7 жыл бұрын 2400 7kun.kz

2017 жылы қаңтар-қазанда Қазақстанда тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазып алу кәсіпорындары 9,3 трлн теңгеге өнім шығарды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,2 пайызға артық, деп хабарлайды LS.

Бұл кезеңде көмір мен лигнит 229,5 млрд теңгеге (7,8 пайызға көп) өндірілді.

Мұнай мен табиғи газ өндіру көлемі 7,5 триллион теңгені құрады (11,4% -ға көп). Оның ішінде шикі мұнайды өндіру 7,3 трлн теңгеге (11,4 пайызға көп), ал табиғи газ өндіру 154,6 млрд теңгені (9,6 пайызға көп) құрады.

Металл кендерін өндіру 990,5 млрд теңгеге (8,8 пайызға көп), ал темір рудалары 205,3 млрд теңгеге (7,3 пайыз), түсті металдарды  785,1 млрд теңгеге (9,2 пайызға көп) жетті.

Сонымен қатар, қатты көмір өндіру көлемі 82,4 млн тоннаны (12,8 пайыз), шикі мұнай 60,1 млн тоннаны (12 пайыз өсім), табиғи газ 43,7 млрд текше метрді (14,5 пайызға өсті), темір рудасы 32,6 млн тоннаны (10,1 пайыз), мыс кені 81,1 млн тоннаны (24,7 пайызға өсті) құрады.

0 пікір
Мұрағат