Жыл басынан бері елімізге 480 шетелдік жұмысшы келген
Жыл басынан бері елімізге 480 шетелдік жұмысшы келген
8 жыл бұрын 3866 7kun.kz

2017 жылдың қаңтар айында Қазақстанға 500-ге жуық шетелдік жұмысшы тартылған. Бұл туралы еңбек және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды. 

Ведомство мәліметінше, 2017 жылдың қаңтарында 210 жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға мүмкіндік берілген. Кәсіпкерлерден 182,8 млн теңге көлемінде салық жиналған.

Айта кетейік, осы жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартудың жеңілдетілген режимі енгізілді. Жаңа өзгеріске байланысты жұмыс істеуге рұқсат алу уақыты қысқартылып, жұмыс берушіге қойылатын әкімшілік талаптар алынып тасталды.

Өз кезегінде жұмыс беруші 137 — 250 АЕК аралығындағы салық жарнасын төлеуі қажет. Салық жарнасы шетелдік жұмыс күшінің санаты мен қай салада жұмыс істейтіндігіне байланысты. Бірақ жұмыс берушілердің 70%-ға жуығы Қазақстан азаматы болуы тиіс, ал білікті қызметкерлер көлемі 90%-дан кем болмауы керек.

0 пікір
Мұрағат