Қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасында 5 қазаннан бастап серозды менингит инфекциянан емделіп жатқан балалардың денсаулық жағдайына қатысты мәлімдеме жасалды.
Жыл басынан бері 199 бала серозды менингит инфекциясымен ауырған
|
5 қазаннан бастап бүгінге дейін 8 бала серозды менингит инфекциямен ауырып, ем қабылдаған.
"8 бала әртүрлі жаста, әртүрлі мектепте оқиды және бір-бірімен қарым-қатынаста болмаған", - дейді бас дәрігер Сәуле Нұрашева.
Жыл басынан бері осы диагноз бойынша 199 бала емделген. Жыл сайын шамамен осынша бала вирусты менингит бойынша емделеді.
"Бала ауруханаға түскен соң зертханалық диагностика жасалады. Диагноз қойылған соң толыққанды ем шаралары қолданады. Көктемде де, жазда да балалар осы диагнозбен ауырған және бұл жылы аталған диагнозбен ауырған балалар саны көбейген жоқ. Осы жағдайға байланысты дүрбелең тудыруға еш негіз жоқ", - дейді ол.
Сондай-ақ, дәрігер ата-аналарға егер баланың бойында басы ауыру, ыстығы көтерілу, жүрегі айну, құсу сияқты серозды менингит инфекциясына тән белгілер болса, өз-өзін емдеумен айналысудың орнына дәрігерге қаралуға кеңес берді.
Қазан айында ауруханаға түскен балаларға қосымша медициналық сараптама жасалып, екі-үш күн өткен соң үйлеріне жіберіледі.