Жұмыстан қысқаруға ұшырағандар 6 ай бойы әлеуметтік төлем ала алады
Жұмыстан қысқаруға ұшырағандар 6 ай бойы әлеуметтік төлем ала алады
5 жыл бұрын 2112

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов қысқартуға тап болған жұмысшылардың құқықы жөнінде түсініктеме берді. Бұл жайында nege.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

Оның айтуынша, жұмыс беруші қызметкерге қысқарту туралы бір ай бұрын ескертуге міндетті және бір айлық еңбекақы көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. «Қазіргі уақытта біз өзіміз жұмысшылардың қысқаруы мүмкін деген жағдайға мониторинг жүрігізіп отырмыз. Осы жылдан бастап, Мемлекеттік сақтандыру туралы заңға өзгерістер енгізіп үлгердік. Бұл өзгерістер бойынша, егер жұмыстан айырылып қалсаңыз, оның себебіне қарамастан Мемлекеттік сақтандыру қорынан 6 ай бойы әлеуметтік төлем алуға құқыңыз бар», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

 Ол әлеуметтік төлемнің мөлшері жоғалтқан жалақының орта есеппен 40 пайызын құрамақ. «Бұл үшін жұмыстан айырылыған азамат қашықтықтан жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелуі жеткілікті. Кейінірек проактивті түрде әлеуметтік төлем тағайындалып, алты ай бойы төленеді», – деді Б. Нұрымбетов.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамаға өзгерістер еніп, әлеуметтік төлемдердің көлемі артты. Бұған дейін министр қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі бар барлық кәсіпорындар мен мекемелер осы режимге ауысуға міндетті екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, жұмыс көлемі шектелетін болса, жұмыс берушілер өздерінің бұйрығымен қысқартылған жұмыс режиміне көшуге құқылы. Төтенше жағдайға байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады. Үндеудің толық мәтіні арнайы жарияланды.

0 пікір
Мұрағат