Жұмысқа тұрғандарға қарағанда шыққандар көбірек
Жұмысқа тұрғандарға қарағанда шыққандар көбірек
7 жыл бұрын 2752 naryk.kz

Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 197,3 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 207,6 мың адам жұмыстан кетті.

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 83,7%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 1,3%, басқа себептер бойынша – 15,0% құрайды, деп хабарлайды Статистика комитеті.

Үшінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 28,6 мың бос жұмыс орын мәлімдеген.

Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 7,2%,  жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,6%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 6,4% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 95,1% құрады.

k30-10-2017-1 

 
0 пікір
Мұрағат