ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЖҰМЫСШЫҒА ҚОСЫМША 5 ПАЙЫЗ ЗЕЙНЕТАҚЫ АУДАРУЫ 2023 ЖЫЛҒА ШЕГЕРІЛЕДІ
ЖҰМЫС БЕРУШІНІҢ ЖҰМЫСШЫҒА ҚОСЫМША 5 ПАЙЫЗ ЗЕЙНЕТАҚЫ АУДАРУЫ 2023 ЖЫЛҒА ШЕГЕРІЛЕДІ
5 жыл бұрын 2251 Есімжан Нақтыбай, Рүстем Айтқожин

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Жалпы ішкі өнім мен халықтың табысы артқанына қарамастан, қазақстандық қоғам ішінде жіктелу сақталуда, тіпті күшейіп келеді. Бұл ерекше маңыз беруді талап ететін, алаңдарлық жайт. Салық жүйесін ұлттық табысты әділ бөлу арқылы жаңғырту қажет», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкіметке әлеуметтік аударымдар көлемінің артуына назар аударуы керектігін тапсырды.

«Бір жағынан, бұл жинақтар әлеуметтік қамту және зейнетақы жүйесінде тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Бірақ, жұмыс берушілер жұмыс орындарын ашуға және еңбекақыны көтеруге ынтасын жоғалтып алуы мүмкін. Бизнес көлеңкеге кететін болады. Сондықтан, Үкіметке 5 пайыздық қосымша зейнетақы салымдарын 2023 жылға дейін шегере тұруды тапсырамын. Бұл мәселеге кейін келеміз. Осы уақыт ішінде Үкімет, бизнес өкілдері мен сарапшылар нұсқаларды қарап, болашақ зейнеткерлердің де, жұмыс берушілердің мүддесі сақталған, ортақ келісілген шешімге келуі керек», деді Мемлекет басшысы.

0 пікір
Мұрағат