Жолаушлар қаперіне: Air Astana жүк тасымалдау ережелерін өзгертті
|
Air Astana жүк тасымалдау ережелерін өзгертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жаңалықты компания ресми сатында бөліскен. 2019 жылдың 21 тамызынан бастап барлық рейстердегі жолаушы жүгі салмақтық жүйеден сандық жүйеге ауыстырылды.
Бұл жүйе ағымдағы жылдың 7 тамызынан бастап сатып алынған билеттерге қолданылатын болады.
Егер бұрын саяхаттау кезінде жалпы салмағы 23 келі болатын екі сөмке алуға болатын болса, қазір 23 келілік бір сөмке ғана рұқсат етілген. Екінші сөмке үшін, яғни жолжүктің екінші бөлігі үшін, сіз жолжүктің жалпы салмағына қарамастан, қосымша ақы төлеуіңіз керек.
Тарифке байланысты сіз өзіңізбен бірге бір немесе екі сөмке алып кете аласыз. Болмаса, багажсыз саяхаттауға тура келеді. Бір сөмкенің ең үлкен салмағы эконом класста - 23 келі, бизнес-класста - 32 келі.
"Егер сізге көп жүк керек болса, ұшып кету уақытынан 24 сағат бұрын «Брондауды басқару» бөлімі, брондау және ақпарат орталығы, билет кассалары немесе туристік агенттіктер арқылы 30% жеңілдікпен жүк тасымалдау тарифін сатып ала аласыз", - дейді компания.