Жол ережесін бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері (кесте)
|
Жаңа жылдан бастап айлық есепкіш көрсеткіштің (АЕК) мөлшері 148 теңгеге артып, 1 АЕК 2 269 теңгеге жетті. Осыған байланысты жолда жүру ережесін бұзғаны үшін салынатын айыппұл мөлшері артты.
Еліміздегі жолда жүру ережесін бұзып, көлікті мас күйінде басқарғаны үшін салынатын ең жоғарғы айыппұл мөлшері жарты миллион теңгеге жуық. Ол 200 АЕК-ті құрайды, яғни 453 800 теңге. Сондай-ақ, аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлер сынды әкімшілік арест қолданылмайтын тұлғалардан өзге азаматтар 3 жылдан 5 жылға дейін жүргізуші куәлігінен айырылады.
Одан кейінгі ірі айыппұл көлемі — 50 АЕК, яғни 113 450 теңге. Ол көлікті тоқтатқан кездегі ережелерді бұзғаны үшін және мүгедектерге арналған көлік тұрақтарына көлігін қойған азаматтарға салынады. Былтырғы жылы аталған айыппұл мөлшері биылғыдан 7,5 мың теңгеге төмен еді.
Көлемділігі жағынан үшінші орында жылдамдықты 40 км/сағаттан асырған жолаушыларға салынатын айыппұл тұр. Мөлшері — 30 АЕК (68 070 теңге).
ІІМ әкімшілік полиция Комитеті бастығының орынбасары Талғат Мұсақановтың айтуынша, бүгінде жол қиылысындағы камералар саны артып, 1 772-ге жеткізілген.
Құқық бұзушылық |
Айыппұл |
|
(АЕК) |
(Теңге) |
|
Жылдамдықты арттыру |
||
Жылдамдықты 10-20 км/сағатқа арттыру | 10 | 22 690 |
Жылдамдықты 20-40 км/сағатқа арттыру | 15 | 34 035 |
Жылдамдықты 40 км/сағаттан арттыру | 30 | 68 070 |
Қиылыстарды, жүргінші жолақтарын, жол өткелдерінен өту |
||
Бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамау | 10 | 22 690 |
Көлік кептелісі кезінде жаяу жүргінші жолағына түсу, қиылысқа тұру | 10 | 22 690 |
Жаяу жүргіншіге жол бермеу | 10 | 22 690 |
Қиылыстан өтерде басым құқығы бар көлікке жол бермеу | 15 | 34 035 |
Теміржол шлагбаумы жабық тұрғанда, шлагбаум жабылайын деп қалғанда ескерту белгісіне қарамастан өту | 10 | 22 690 |
Белгі беру |
||
Жүрейін деп тұрғанда, тоқтағанда, бұрылғанда белгі бермеу | 5 | 11 345 |
Тыйым салынған жолдарда бұрылу, артқа жүру | 10 | 22 690 |
Басым құқығы бар көлікке жол бермеу | 15 | 34 035 |
Жүргінші жолағындағы қозғалыс |
||
Жаяу жүргінші жолағындағы, тротуарлардағы, жол жиегіндегі қозғалыс | 15 | 34 035 |
Қарсы бағытқа шығу | 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру | |
Тоқтау, көлікті қою |
||
Тротурарда, балалардың ойын алаңында, арнайы көліктердің орнына көлікті қою | 15 | 34 035 |
Көлікті жол қозғалысына кедергі келтіретін жерге қою | 20 | 45 380 |
Мүгедектерге арналған көлік тұрағына көлік қою | 50 | 113 450 |
Ішкі істер органы қызметкерлерінің бұйрығын орындамау |
||
Көлікті тоқтатуға байланысты | 1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру | |
Ішімдік, есірткі қабылдамағаны жөнінде тексерістен өтуге байланысты | 2 жылға жүргізуші куәлігінен айыру | |
Ішімдік ішу |
||
Көлікті мас күйінде басқару немесе оны ішімдік ішкен адамға басқаруға беру | 3 жылға жүргізуші куәлігінен айыру | |
Мас күйінде апаттық жағдай туғыза жаздау | 4 жылға жүргізуші куәлігінен айыру | |
Мас күйінде жол-көлік оқиғасына, жол апатына себепкер болу | 5 жылға жүргізуші куәлігінен айыру | |
Жүргізуші куәлігі жоқ азаматтардың көлікті басқаруы | 20 тәулікке әкімшілік арест | |
Жоғарыдағы ережелерді аяғы ауыр келіншектер мен зейнеткерлер сынды әкімшілік арест қолданылмайтын азаматтар бұзған кезде | 200 | 453 800 |
Жалпы міндеттер |
||
Жүргізуші куәлігі немесе жүргізуші куәлігінің орнына берілген уақытша куәліктің жүргізушімен болмауы | 5 | 11 345 |
Міндетті сақтандыру келісім-шартына қол қоюдан бұлтару | 20 | 45 380 |
Көлік категориясын басқаруға рұқсат беретін жүргізуші куәлігінің болмау | 15 | 34 035 |
Жүргізуші куәлігінен айырылған адамның көлік жүргізуі | 10 | 22 690 |
Экплуатация ережесі |
||
Мемлекеттік немесе міндетті техникалық бақылаудан өтпеу | 5 | 11 345 |
Көлік құралындағы ластану деңгейі немесе дауысы бекітілген нормадан асып кетуі | 2 | 4 538 |
Мемлекеттік ережеде бекітілген нөмірлерге сәйкес келмейтін нөмірлі көлікті басқару | 5 | 11 345 |
Мемлекеттік нөмірсіз немесе тіркелмеген нөмірсіз көлікті басқару | 10 | 22 690 |
Көлікке жалған нөмір орнату | 20
1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру |
45 380 |
Тормозы істен шыққан немесе рөлі басқарылмайтын көлікпен жүру | 15 | 34 035 |
Арнайы рұқсатсыз жинақталған көлік | 15 | 34 035 |
Көліктің алдыңғы жағына қызыл түсті жарық орнату, жарықты қайтаратын қызыл түсті құралдар орнату | 15 | 34 035 |
Көлікке арнайы рұқсатсыз жарықтық белгілер мен дыбыстық белгілер қою (қауіпсіздіктің дыбыстық белгісі кірмейді) | 25 | 56 725 |
Көліктің түсін арнайы қызметтік көліктермен бірдей қылып бояу | 25 | 56 725 |
Апаттық жағдай және жол-көлік оқиғасы |
||
Басқа көліктердің жылдамдығын, бағытын күрт өзгертуіне әкеліп, жол-көлік оқиғасына себепкер болу | 10 | 22 690 |
Жол ережесін бұзу салдарынан өзге көліктерге, жолға, жол белгілеріне өзге де мүліктерге материалдық зиян тигізу | 10
9 айға жүргізуші куәлігінен айыру |
22 690 |
Адамның денсаулығына жеңіл түрдегі зиян келтіру | 15
1 жылға жүргізуші куәлігінен айыру |
34 035 |
Жүргізуші куәлігінсіз адамның жол-көлік оқиғасына себепкер болуы | 20 | 45 380 |
Өзге де ережелер |
||
Қоғамдық көлік аялдамаларына қатысты ережелерді сақтамау, түнгі уақытта жарықты қоспау, белдік тақпау, тұрғын үйлер арасындағы қозғалыс ережесін бұзу, телефонмен сөйлесу, т.б |