Жер қойнауын пайдаланушылар ағаш отырғызуға міндеттелді
Жер қойнауын пайдаланушылар ағаш отырғызуға міндеттелді
5 жыл бұрын 2085 Айжан Серікжанқызы

Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушыларға ағаш отырғызып, орманға айналдыру міндеттеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Жаңа міндеттеме «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңында көрсетілген.

«Жер қойнауын пайдаланушыларға уран өндіруде орманға ағаш отырғызу бойынша міндеттеме берілді. Олар өздері пайдаланған аумақтан екі есе үлкен көлемде орманға айналғанша күтіп-баптауы тиіс. Одан бөлек, мемлекеттік орман қорының жері пайдалы қазбалар өндіру субъектілеріне ауысқанда, бұл учаскеден 2 есе үлкен аумаққа орман дақылдарын отырғызып, 3 жыл күтіп-баптау міндеттемесі көзделген», - деді Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойды.

0 пікір
Мұрағат