Жемқорлықтың жолын кесуге жәрдемдескендерге сыйақы төленеді (видео)
Жемқорлықтың жолын кесуге жәрдемдескендерге сыйақы төленеді (видео)
8 жыл бұрын 2958 khabar.kz

Ақтауда сыбайлас жемқорлық дерегін анықтауға көмектескен тұрғынға 106 мың теңге сыйақы берілді. Тағы екі азаматтың нұсқауымен тіркелген пара алу фактілері сотта қаралуда.  Дәйектері дәлелденсе, оларға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы төленеді. Айта кетейік, биыл күшіне енген тиісті заң бойынша жемқорлықтың жолын кесуге жәрдемдескен тұлғаларға құзырлы мекемелер тарапынан ақша төленеді. Қылмыс дәрежесіне қарай 63 мыңнан 212 мың теңгеге дейін. Дәурен Омарғалиев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өңірлік департаменті басшысының орынбасары: - Заң бұзушылық туралы дерек хабарлап немесе қылмыс жасап, іздеуде жүрген адамның тұрғылықты жерін көрсету арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға көмектесе аласыз. Берілген ақпарат шындыққа жанасса, қылмыскерге жазалау туралы сот үкімі күшіне енген соң біржолғы сыйақы беріледі.

 

0 пікір
Мұрағат