Жеке зейнетақы есеп-шотын ашу жеңілдетіліп, фрилансерлер міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады
Жеке зейнетақы есеп-шотын ашу жеңілдетіліп, фрилансерлер міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады
6 жыл бұрын 3083 bag.kz

Азаматтардың жинақтаушы зейнетақы  жүйесіне қатысуына қатысты келесі жағымды жаңалықтың бірі,  жеке зейнетақы есеп-шотын ашу рәсімі жеңілдетіліп отыр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылдың 27 желтоқсанындағы ҚР «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы »  Заңына енгізілген түзетулер  міндетті зейнетақы жарнасын төлеу процедураларын оңтайландыруға бағытталған.   

Жаңа жарна төлеушілер үшін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндетті зейнетақы жарнасын төлеушілерге жеке зейнетақы шотын ашу жеңілдетілген.  

Қолданыстағы заңға сәйкес, (2018 жылдың 27 желтоқсанында енгізілген өзгерістерге дейінгі) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке тұлғалар  жеке зейнетақы есеп-шотын ашу үшін БЖЗҚ бөлімшелерінің қызметіне  жүгініп, өтініш жазатын. Енді жаңа жарна төлеушілер үшін, БЖЗҚ түскен алғашқы жарна негізінде автоматты түрде есеп-шот ашылады.

Бұл  «өтінішсіз» механизмі бойынша міндетті зейнетақы жарнасы есебінен жеке зейнетақы есеп-шотын ашу  БЖЗҚ зейнетақы ережелеріне енгізілген өзгерістер 2019 жылдың бірінші тоқсанында жүзеге асқан сәттен бастап жұмыс істейтін болады.  

Бұл орайда жарна төлеушілердің барлық қажетті мағлұматтарын,  жеке куәлігінің, тұрақты мекен-жайы туралы мәліметтерін БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақапараттық жүйесінен алады.   

Фрилансерлер, қос қызметте істейтіндер және еңбек келісім-шарты барлар міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады 

2018 жылдың 27 желтоқсанындағы ҚР «Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Заңына енгізілген түзетулер  міндетті зейнетақы жарнасын төлеу процедураларын оңтайландыруға бағытталған.   

Енгізілген өзгерістер осы санаттағы жұмыс істейтін азаматтардың,  депутаттық корпус өкілдерінің, бірқатар заңды тұлғалардың, «фрилансер» қызметін пайдаланып отырғандардың  басым  бөлігінің пікірін назарға алып отыр.

Қабылданған заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыру үшін 2019 жылдың бірінші тоқсанында тиісті Ережелерге өзгерістер енгізілетін болады.  Өзгерістер қабылданған сәттен бастап, жалдамалы жұмысшы ретінде қос қызметте жүрген  азаматтар (яғни жеке еңбек келісім-шартын жасау аясында)  және азаматтық-құқықтық негіздегі келісім бойынша жұмыс істеп жүргендер немесе қызмет көрсетіп жүргендер, табыс көзінен  міндетті зейнетақы жарнасын төлеуден босатылады.  

Азаматтық-құқықтық негізде келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жүрген  жеке тұлғалар  үшін міндетті зейнетақы жарнасын  заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлік және жеке тәжірибемен айналысатын тұлғалар төлейтін болады.  Олар салық агенті ретінде «фрилансерлер» үшін жеке табыс салығын есептеп, төлейтін болады.

Сондай-ақ  азаматтық-құқықтық келісім-шарт бойынша жұмыс істеп жатқандар, жеке тұлғалармен келісімге отырған  жеке тұлғалардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу құқы сақталады. Олар өз бетінше де міндетті зейнетақы жарнасын төлей алады.  

Қазақстанды цифрландыру нәтижесінде 2 мыңнан астам адам жұмыссыз қалды

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жүзеге асыру нәтижесінде 2 мыңнан астам адам жұмыстан қысқартылған. Бұл жөнінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады. 

Ведомствода атап өткендей, жоағыра аталған 2 мыңнан астам адамның 443 қайта оқытудан өтсе, 404 жұмысқа орналастырылған. Сондай-ақ, 2022 жылға қарай елдегі жаңа технологиялар есебінен шамамен 300 мыңға жуық жұмыс орны пайда болады. 

«Сондай-ақ, 2021 жылға қарай 120 жобаның 89 бойынша мемлекеттік органдармен 142 мың тұрақты және 489 уақытша жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр. Сонымен қатар, электронды сауданы дамыту есебінен 139,8 мың жұмыс орны, интеллектуалдық және көлік жүйесін құру және енгізу нәтижесінде 1,7 мың жұмыс орны пайда болады», - деді министрлікте. 

Алайда, болжамды көрсеткіштер орындалғанға дейін кәсіпорындар өз жұмысшыларын қысқартуды жалғастырып жатыр. ЕХӘҚМ жүргізген мониторинг мәліметі бойынша, 2018 жылы 377 кәсіпорыннан 4,1 мың адам қысқартуға іліккен. Салалық бөлікте қарағанда, компаниялар әкімшілік және көмекші қызметкерлерден бас тартқан. Сонымен қатар, қаржылық және сақтандыру қызметкерлері де жұмыстан босатылған. 

0 пікір
Мұрағат