Дербес деректер саласындағы заңнама талаптарын бұзу бойынша биыл 7 айда 44 іс қозғалған.
Дербес деректерге қол жеткізуді бақылау сервисіне 157 ақпараттық жүйе қосылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Былтыр алғаш рет ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне дербес деректерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау функциясы берілді.
"Жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қағаз жеткізгіштерде жинауға, өңдеуге тыйым салынды. Азаматтардың дербес деректерін қамтитын "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілеріне кірген кезінде пайдалану міндетті болып табылатын дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың мемлекеттік сервисі енгізілді", – ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов.
Бұл қызмет, біріншіден, азаматтарға біреулердің оның жеке деректеріне қол жеткізуге тырысып жатқандығы туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Екіншіден, егер азамат бұрын қандай да бір ұйымға кіруге келісімін берсе, онда сервисте белгі қойылады, әрбір азамат порталға кіріп, жеке деректерімен не болып жатқанын көре алады. Бүгінгі таңда оған 157 мемлекеттік және жеке ақпараттық жүйе қосылған. Бұл сервис тәулігіне 1 млн-нан астам сұранысты өңдейді.
Спикердің айтуынша, дербес деректер саласындағы заңнама талаптарын бұзу бойынша 2022 жылы 33 әкімшілік іс, 2023 жылы – 38, ал биыл 7 айда 44 іс қозғалған.
Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңбаны беру тәртібі өзгереді
KAZINFORM – Елімізде электронды цифрлық қолтаңбаны файлда тасымалдауды тоқтатпақ. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлім етті.
«Қазір биометриялық сәйкестендіру белсенді дамып келеді, яғни бұлтты ЭЦҚ. Сондай-ақ, өте сенімді токендер, олардан ЭЦҚ алу мүмкін емес. Цифрландыру заманында барлық азаматты жаппай қамтуға және оларды цифрлық электрондық қолтаңбалармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ең қарапайым әдіс - файлда тасымалдайтын ЭЦҚ беру болды. Енді файл тасымалдағышта ЭЦҚ беру рәсімін тоқтатқымыз келеді. Бірақ, бұл әдіс әзірге ең қауіпсіз болып отыр», - деді Руслан Әбдіқалықов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.