|
Жаңа оқу жылынан бастап елімізде Метрология факультеті ашылады (видео)
|
Бұған дейін бұл мамандық иелері «Стандарттау метрология және сертификаттау» кафедрасында даярланған еді. Сарапшылардың айтуынша, арнайы факультет ашу сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға септігін тигізеді. Келесі жылдан бастап бұл маман иелерін оқытуға қажет зертханалар жаңартыла бастайды. Айта кетейік, қазір елімізде 2000-нан астам метролог маман жетіспейді. Ғалымжан Дұғалов, ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары: - Жұмыс берушілерде қиындықтар туып жатыр. Оларға таза метрологтар, приборлармен жұмыс істеу білетін, өлшем құралдармен жұмыс жасайтын, олардың методикаларын білетін мамандар керек.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады