Жаңа жылдан бастап коммуналдық тарифтер қымбаттайды
Жаңа жылдан бастап коммуналдық тарифтер қымбаттайды
7 жыл бұрын 3597 Назерке Абибулла

2018 жылдан бастап Қазақстанда тарифтер қымбаттайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Астанада өтіп жатқан 16-шы ERRA конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. 

«Бүгін энергетиканы, коммуналдық тарифтерді басқарып жатқан бүкіл әлемдегі тарифтік реттеушілер Астанада жиналып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп жатыр. Бұл деген Қазақстан үшін өте үлкен мәртебе. Біздің жүргізіп отырған саясатымызды қолдап, конференцияны Астанада өткізу елімізге үлкен пайда әкеледі деп есептеймін. Бүгін біраз сұрақтар қаралады. Әлемде бұл салада көп айырмашылық бар деп есептемеймін. Тарифтердің өсуі газ бен мұнай тарифтерінің қымбататуы, тарифтердің өспеуі үшін тұтынушыларымызды қалай қорғаймыз, субсидиялау сияқты сұрақтарды қозғаймыз. Мұндай сұрақтар Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде бар. Осы шара арқылы үлкен тәжірибе алмасып қана қоймай Қазақстанның халықаралық деңгейде танылуына тағы бір рет үлес қостық деп ойлаймын», - деді Серік Жұманғарин.

16-шы ERRA конференциясына тарифтік саясатты реттеуші отыздан астам басшылар келіп отыр. Қазақстанда бұл жиын бірінші рет өтуде. 2000 жылдан бері Қазақстан ERRA-ның белсенді мүшесі. Бұл Азияда өтіп жатқан екінші инвестициялық конференция.

Сонымен бірге ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин 2018 жылдан бастап тарифтердің қалай өзгеретінін атап өтті.

«Біз ұзақ мерзімді тарифтерге көштік. Жоспар бойынша қазір айта алмаймын. Бірақ тарифтер көп мөлшерде өспейді. Өзгереді, бірақ көп емес. Бәрі инфляцияға байланысты. Инфляция көлемі 1 пайыздан аспайды. Жаңа жылдан бастап ұзақ мерзімді тарифтік жоспар бойынша көтеріп жатырмыз, көп көтрілмейді. Бұл саланы жаңғырту екі жылдан бері жүріп жатыр. Тұрғын үй-комуналды шаруашылық жүйесін жаңғырту бірінші жылу энергетикасымен байланысты, ал теміржол саласында, яғни, ҚТЖ-да екі жылдан бері жүріп жатыр. ҚТЖ-ның инвестициялық бағларламасы - 500 млрд теңге. Дәстүрлі электр станциялары өндіретін энергияны арзандату туралы Президент тапсырмасы бар ЖЭС-1, ЖЭС-2 секілді базалық станцияларды айтып отмын. Мұнымен ҚР энергетика министрлігі айналысып жатыр. Инфляцияның көтерілуін антимонополиялық комитет толық бақылауына алып отыр. Жыл сайын антимонополиялық тексерістер жүргізіліп, бағаны асыра көтергендерді жазалап отырады. Антимонополия коммитеті стандартты жұмыстар жүргізіп жатыр», - деді Серік Жұманғарин.

0 пікір
Мұрағат