ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ШАҒЫН ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫП ШЫҚТЫ (ВИДЕО)
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ ШАҒЫН ТРАКТОР ҚҰРАСТЫРЫП ШЫҚТЫ  (ВИДЕО)
1 жыл бұрын 925 24.kz Мерей Бает, Руслан Ахатіллә, Бақытжан Бапаев

Орынбасар Көбеевтің техникасы үй іргесіндегі шағын шаруаға ыңғайластырылған. Жер аударып, қи шығарып, басқа да үй шаруасына жарап тұр. Бұл туралы Хабар24 ақпарат көзі мәлім етеді.

Өңірдегі өнертапқышпен әріптесім Мерей Бает жолығып келді. Орынбасар Көбеев Аса ауылында тұрады. Негізгі мамандығы дәнекерлеуші болса да, бақша егіп мал шаруашылығымен айналысады. Тұрғын қыстыгүні төрт түліктің жем-шөбін тасып, қиын шығару едәуін қиындық тудырады, - дейді. Сондықтан қора жайға сиятын трактор жасауды қолға алыпты. Ол  трактор шанағын қалдық темірден құрастырып, бөлшектерін ескі көліктен алған.

Орынбасар Көбеев, Аса ауылының тұрғыны: - Ескі жигулиім бар етін. Ескі жигулиден шығарып тастаған заттар бар етін. Ступица, задний мост. Жигулидің 5 скоростты каробкасы бұл жерде тұрған. Базардан сатып алдым бұл маторды. Бұл жерде сатып алған заттар мына цилиндрлар. Металломнан барып қарастырып, мынау жарайды екен деп сол жерден жинастырып. 400 мыңның үстінде  былай-былай есеппен сондай қаржы кетті. Ал егер бәрін сатып алып, бәрін жаңадан жасайтын болады. Ол кезде 700-800 мыңдай ақша кетіп қалайын деп тұр.

Мерей Бает, тілші: - Ауыл тұрғын өзі жасап шығарған мына техникаға «Барыс-86» деген атау берген. Өнертапқыштың сөзінше, салмағы 500 келі болатын мына шағын тракторды кез-келген көлік айдап жүрген азамат басқара алады, айдай алады екен. Ендеше біз де айдап көрсек.

Орынбасардың шағын тракторы 200 келіге дейінгі жүкті көтеріп, 2 тонна тартатын көлікті сүйрей алады. Бүгінде өнертапқыш өзінің шаруасын тындырып, ауылдағы ағайынға да қолғабыс етіп жүр.

Фархат Балажанов, Жамбыл ауданының тұрғыны: - Көрші-қолаңдардың бағанағы трактор кіре алмайтын жеріне кіріп үлкен техника. Сол жерде күл қоқысы бар қиы бар топырақтарын бір жерден екінші жерге ауыстып дегендей. Сондай жұмыстарды істеп көршілерге де өзінің де шаруа қожалығына көмегі тиіп жатыр. Былай қарасаңыз бір үйге керек техника деп ойлаймын өз басым. 

Темірден түйін түйген тұрғын техникасын одан әрі жетілдіруді көздеп отыр. Үй маңындағы жерді өңдеу үшін тракторға соқа қосып, дән себуге икемдекем.  

 

0 пікір
Мұрағат