Жалғызбасты ана зат қоятын бөлмеде тұрып жатыр (видео)
Жалғызбасты ана зат қоятын бөлмеде тұрып жатыр (видео)
8 жыл бұрын 3025

Ақтөбе қаласында жалғызбасты ана балаларымен ауданы 8 шаршы метрді құрайтын зат қоятын бөлмеде тұрып жатыр. Бұл жайында «КТК» телеарнасы хабар таратты. Бес баланың анасы Гүлмира Шабдарова үш жастағы ұлына мүмкіндігі шектеулі болғандықтан құжаттарын жасатып жүр. Бұл ұлының психикалық дамуы кенжелеп қалған. Үлкен қызының да денсаулығында ақау бар – эпилепсиямен сырқаттанады. Оларға ұдайы күтім керек. Жалғызбасты ана баспанасыз қаламын ба деп қорқады. Олар тұрып жатқан бөлме уақытша берілген. Шенеуніктер оларды кез келген уақытта шығарып жіберуі мүмкін. Соны ойлағанда Гүлмираның түн ұйқысы төрт бөлінеді. «Мен пәтер сұрап отырғаным жоқ. Жалғыз өтінішім, мына бөлмені менің атыма ресімдеп берсе болғаны. Одан артық нәрсені талап етпеймін»,- деді мұңын шаққан ана. Айта кетейік, оны бұрынғы күйеуі кенжесінің диагнозын білгеннен кейін тастап кеткен. Мүлдем көмектеспейді. Туысқандары да олардан сырт айналған. Ал әкімшілік қолдан келген көмектерін беріп жатқанын жеткізді: балалардың құжаттары жасалды, жәрдемақы беріледі. Алайда, баспана мәселесін сот арқылы шешпесе, өздерінен қайран жоқтығын да жеткізген. «Өздерінің мұнда бірнеше жыл бойы тұрып жатқанын растайтын екі куәгерді ертіп, сотқа баруы керек. Жекеншелендіруде көмектесу біздің қолымызда емес»,- деді Қарғалы ауылдық округының әкімі Алмаз Әлімбаев. 

0 пікір
Мұрағат