Ислам қаржысының дамуына 40 млн доллар бағытталады
Ислам қаржысының дамуына 40 млн доллар бағытталады
5 жыл бұрын 2737 7kun.kz Aikyn.kz

Қазіргі уақытта "Даму" қоры осы қаражатты алу бойынша ішкі рәсімдерді жүргізіп жатыр.

Ақпан айының басында кәсіпкерлерге исламдық қаржыландыру схемасы бойынша қаражат қолжетімді болады. Бұл туралы “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры төрағасының орынбасары Дәулет Әбілқайыров мәлімдеді.

Әбілқайыровтың айтуынша, Ислам даму корпорациясы (Ислам даму банкінің еншілес ұйымы) Қазақстанға ұлттық валютадағы 40 млн доллар траншты мақұлдады.

“Қаражат шағын және орта бизнеске қаржыландырудың балама көздері ретінде берілетін болады. Яғни, ешқандай шектеулер қоя алмаймыз, ақша салалық шектеулерсіз болады. Бизнес оған не маңызды екенін, қандай салалар белсенді дамитынын өзі шешеді. Ислам қаржысының дамуына арналған ақшаны ескере отырып, біз лизингтік компаниялармен және “Әл Хиляль” Ислам Банкімен жұмыс істейтін боламыз. Бірақ салалық шектеулерсіз қаражат еліміздің барлық өңірлерін қамтитынын атап өткім келеді”, – деді төраға орынбасары.

Қазіргі уақытта “Даму” осы қаражатты алу бойынша ішкі рәсімдерді жүргізіп жатыр.

“Келісімдердің жобаларын талқылап жатырмыз, заңдық қыр-сырын пысықтаймыз. Қаңтар, ақпанның шамасында, қаражатты экономикаға бағыттауды жоспарлап отырмыз. Бұл қаражат жеті жылдық, олар біздің өз қаражатымызбен араласатын болады. Яғни, біз оларды арзандататын боламыз. Негізгі мөлшерлеме – 14%. Шарты жақсы, біз ақшаны теңгемен тартамыз, яғни валюталық жүктеме жоқ және ақшалар “ұзын”. Қазір нарықта жеті жастағы ақшаны табу қиын », – деді Әбілқайыров.

0 пікір
Мұрағат