Ислам банкингі жайында алғашқы докторлық диссертация қорғалды
Ислам банкингі жайында алғашқы докторлық диссертация қорғалды
4 ай бұрын 490 kazislam.kz

“Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университетінде елімізде ғана емес, әлемде маңыздылығы артқан ислам банкингі жөніндегі ғылыми жұмыстың қорғауы өтті. Бұл жайында kazislam.kz ақпарат көзі мәлім етті. 

«Қазақстан Республикасындағы исламдық қаржы институттарының қалыптасуы және қызметтерінің ерекшеліктері» атты диссертацияны НМУ жанындағы Исламтану/Дінтану бағыты бойынша Диссертациялық кеңесте 6D021500 – «Исламтану» бағыты бойынша философия докторы (PhD) дәрежесіне ізденуші Нұржан Стамбакиев қорғады.

Диссертант отандық қаржы институттарымен қатар, әлемдегі ислам банктерін, олардың қолданатын қаржылық инструменттері мен өнімдері жайлы кеңінен зерттеп қана қоймай, өзі де түрлі сауалнама, зерттеулер жүргізген.

Отандық ғылыми кеңесші, PhD доктор Қайрат Құрманбаев диссертанттың “Нұр-Мүбарак” университетінің төл түлегі екенін атап өтіп, бірнеше тілді жетік меңгерген әрі ізденімпаздығы ғылыми зерттеудің жан-жақты шығуына негіз болғанын атап өтті.

Онлайн қатысушы шетелдік ғылыми кеңесші, Экономика ғылымдарынан PhD, Стамбул Сабахаттин Заим университетінің профессоры Мунзир Қахф ғылыми жұмысты қорғауға лайық деп бағалады.

Ресми рецензенттер филос.ғ.к., қ. профессор, Бекжан Мейрбаев, Экон.ғ.д., профессор Кулаш Бертаева да пікір білдірді. НМУ жанындағы  Ә.Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филол.ғ.д., профессор Шамшәдин Керім де ғылыми зерттеудегі ерекшеліктерге тоқталып, қорғауға толық лайық деген пікір білдірді.

Комиссия мүшелері тарапынан түрлі сауалдар қойылып, диссертант барлығына тынғылықты жауап берді. Филос.ғ.д., профессор Бақытжан Сатершинов төрағалығымен Дискеңестің  12 мүшесі жасырын дауыс берді. Нәтижесінде, бірауыздан диссертант Нұржан Жақсылықұлының докторлық диссертацяилық зерттеуін жоғары бағалап, қорғауға лайықты деп таныды.

Осыдан 6 жыл бұрын PhD докторант атанған Н.Стамбакиев 6D021500 – «Исламтану» бағыты бойынша Дискеңес алдында сәтті қорғаған (PhD) ғылыми дәрежесінің зерттеу жұмыстарын енді Ғылым және жоғары білім министрлігінің сараптамасына ұсынбақ.

Қазақстандағы Ислам

0 пікір
Мұрағат