Интернетте жалған ақпарат таратқандарға қанша айыппұл салынады
Интернетте жалған ақпарат таратқандарға қанша айыппұл салынады
6 ай бұрын 773 kazinform.kz Дәулет Ізтілеу

KAZINFORM — Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов әлеуметтік желілерде және онлайн-платформаларда жалған ақпарат жариялап, таратқандарға салынатын айыппұл көлемін атады.

«Онлайн-платформа қолданушылары жалған ақпарат таратқан жағдайда әкімшілік жауапқа тартылады. Әрине, ақпараттың жалған екені дәлелденген соң. Нақты айтсақ, жеке тұлғалар үшін 10-20 айлық есептік көрсеткіштен басталады, ал заңды тұлғаларға 100 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Қайталанған жағдайда тұтқындалуы да мүмкін», — деп түсіндірді Қанат Ысқақов Astana Media Week іс-шарасы барысында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып. 

Бұған дейін вице-министр блогерлердің БАҚ өкілі ретінде тіркеліп, қызмет ете алатындығын айтқан еді. 

Айта кетейік, елордада Astana Media Week апталығы басталды.

Дәстүрлі шараның биылғы тақырыбы — «Медианың әсері және цифрлық үндестік».  

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
24 25 26 27 28 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31 1 2 3 4 5 6