Интернет кеңістігінде заңсыз материалдарды таратуға тосқауыл қойылмақ
Интернет кеңістігінде заңсыз материалдарды таратуға тосқауыл қойылмақ
9 жыл бұрын 2485 24.kz kstnews.kz

Бүгінде Қазақстан тұрғындары интернет арқылы діни экстремизм мен терроризм идеяларының негізінен шетелден насихатталуына жиірек ұшырауда. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды. Террористік ұйымдар күнделікті интернет желісі арқылы өз қатарларына жаңа жақтастарды тартумен айналысуда. Түбінде террористік ұйымдардың іс-қимылдары жалпы әлемдегі тұрақтылықты бұзуға бағытталған. Осындай көріністермен күресу үшін еліміздің мемлекеттік органдары терроризмнің қауіптерінен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының жүйесін пысықтады, оның тиімділігі арттырылуда. Бұдан басқа, радикалды идеологияның интернет кеңістігінде таралуына қарсы іс-қимыл терроризмге қарсы қызметтің аса маңызды және мағыналы мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені оның міндетіне құқыққа қайшы мазмұнның таралуының жолын кесу ғана емес, сондай-ақ, интернет желісінің қолданушыларында радикалды идеялардың қалыптасуына жол бермеу кіреді. Прокуратура органдары басқа мемлекеттік органдармен бірге заңсыз материалдардың таралуына жол бермеу мақсатында экстремизм мен терроризмді насихаттайтын, сондай-ақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды және жарылғыш заттарды дайындау бойынша материалдарды тарататын интернет-ресурстарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыс жүргізуде. Осы жұмыс аясында жүз мыңнан астам интернет-ресурстың мониторингі жүзеге асырылды. Экстремизм мен терроризм идеяларын насихаттаудың, сондай-ақ, жарылғыш құрылғыларды қолдан жасау тәсілдері туралы ақпаратты таратудың анықталған фактілері бойынша талап-арыз жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ сотқа дейінгі реттеу шаралары қабылданды. Соңғы бес жылда еліміздің соттары бір мыңнан астам интернет-ресурстардың өнімдерін заңсыз деп тану туралы прокурорлардың және уәкілетті органның арыздарын қанағаттандырып, олардың Қазақстан аумағында таратылуын тоқтатты. Сотқа дейінгі тәртіпте интернет-ресурстардың иелерімен жүргізілген жұмыс нәтижесінде 200-ден астам материал жойылды.



 

0 пікір
Мұрағат