"Google аудармашы" енді қазақ тіліне де аударады
"Google аудармашы" енді қазақ тіліне де аударады
10 жыл бұрын 9972
«Екі жыл бойы біз Google-мен осы жүйеге қазақ тілін қосуға қажетті біраз жұмыс жүргіздік. Оның шінде қазақша-ағылшынша аудармалар жасалып, жүйеге енгізілді. Одан кейін екі мәрте тексерілді. Тіл мамандары қарады. Өкінішке қарай, Google оның нақты қашан іске қосылатынын ескертіп айтқан жоқ. Жүйенің өзі қазақ тілінің алгоритмін шығарғаннан кейін автоматты түрде қосылады деген болатын. Сол оқиға бүгін орын алды, Google-ден хабарлама келді, ашып көрсек, қазақ тілінің қосылғанын байқадық», - деді Рауан Кенжеханұлы  BNews.kz  ақпарат көзіне берген сұхбатында.

"Google аудармашы" деп аталатын ғаламтордағы үздік аудармашы бағдарламаның енді қазақ тілімен толыққандығын қуана хабарлаймыз. Енді кез келген мәтінді әлемнің кез келген тілінен қазақ тіліне аудара аласыз. Бұл аудармашы персоналды компьютер немесе ұялы телефон арқылы да өзінің жұмысын мүлтіксіз атқара алады. 

Бұл бағдарламаны жасаған мамандар әлі жетілдіре түсетінін, бұның көмегімен жаңа достар тауып, әртүрлі елдердің дәстүрімен танысуға мүмкіндік беретінін айтып отыр.
  
0 пікір
Мұрағат