ҒАЛЫМДАР ҚАР КӨШКІНІНІҢ АЛДЫН АЛАТЫН «АҚЫЛДЫ» ЖҮЙЕ ОЙЛАП ТАПТЫ
ҒАЛЫМДАР ҚАР КӨШКІНІНІҢ АЛДЫН АЛАТЫН «АҚЫЛДЫ» ЖҮЙЕ ОЙЛАП ТАПТЫ
1 жыл бұрын 778 24.kz

Шығыс Қазақстан облысында ғалымдар қар көшкінінің алдын алатын «ақылды» жүйе ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Таудың басына датчигі бар баған қойылады.

Құрылғы қардың қалыңдығы, ауаның ылғалдылығы жайлы мәліметтерді тіркеп, математикалық талдау жасайды. Жинақталған ақпарат орталыққа келіп түседі. Мәліметтерге қарап көшкін жүретін аумақты, оның дәл қай уақытта болатынын білуге болады, - дейді жоба авторлары.

Аймақта көшкін қатері жоғары 500-ге жуық учаске бар. Оның 300-ден астамы елді мекендерге  жақын тұр. «Қазселден» қорғау мекемесінің мамандары әзірге өлшегіш рельстер пайдаланып, қолмен есептеу жүргізеді. Ғылыми жобаға Білім және ғылым министрлігі тарапынан 600 миллион теңгеге қаржы қаралған. Келесі жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Наталья Денисова, физика-математика ғылымдарының кандидаты: - Жүйе тау беткейіндегі қар қалыңдығы, ондағы ылғал туралы мәліметтерді өздігінен жинақтай алады. Тіпті жауын шашын мөлшері де есепке алынады. Осы деректің бәріне талдау жасалып, көшкін жүру уақыты анықталады.

 

0 пікір
Мұрағат