EXPO билеттері 1 айдан кейін сатылымға шығарылады
EXPO билеттері 1 айдан кейін сатылымға шығарылады
9 жыл бұрын 2374 24.kz

EXPO халықаралық көрмесінің билеттері бір айдан соң сатылымға шығарылады. Еліміз үшін тарихи мәні зор оқиғаны әрбір қазақстандық тамашалай алады. Өйткені көрме билеттері отандастар үшін қолжетімді болмақ. Бұл жайында бүгін «Астана EXPO-2017»Ұлттық компаниясы Қоғамдық кеңесінің екінші отырысында компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов мәлім етті. Атап айтсақ, билеттер алдымен онлайн тәртіпте шамамен 10 маусымнан бастап сатылса, тамыз айынан бастап кассалардан таба аласыз. Ахметжан Есімов, «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасы: - Ұлттық компания Халықаралық көрмелер бюросымен жүргізген келіссөздер барысында билеттерге төменгі бағаны белгілеуге мүмкіндік алдық. Қазақстандықтардың көрмеге баруына барлық жеңілдіктер жасалып отыр. Көрме билеттері кино билеттерінің құнынан сәл қымбаттау болады. Ал нақты бағасының қанша болатынын оператор шешеді. Жалпы көрме нысандарының құрылысына 256 отандық тауар өндірушілер тартылып, 35 млрд теңгенің келісімшарты жасалған. Еске сала кетейік, халықаралық көрменің басталуына 389 күн қалды. Ерлан Сыдықов, «Астана ЭКСПО-2017» Қоғамдық кеңесінің төрағасы: - 25 пайыз өнім өзіміздің жергілікті өндіріс орындарынан келіп жатыр. Бұл жақсы көрсеткіш деп есептеймін. 10 мыңдай адам EXPO-да қызмет істеп жататын болса, Қазақстанның әр аумағында 30 мыңдай адам қатысып отыр. EXPO-ның құрылысына қол ұштарын беріп отыр. 

 

0 пікір
Мұрағат