Этникалық қазақтарға жеңілдетілген түрде Қазақстан азаматтығын беру науқаны жұмыс істейді

5 жыл бұрын 3699

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 16 наурыздағы тапсырмасына сәйкес орталық және жергілікті атқарушы органдарға этникалық қазақтардың проблемалық мәселелерін шешу үшін этникалық қазақтарға жеңілдетілген түрде Қазақстан Республикасының азаматтығын беру жөніндегі жұмысты орындау тапсырылды. Бұл жайында Стан.кз ақпарат көзі хабарлады.

Осындай шараны қабылдау тек этникалық көшіп-қонушылар арасындағы әлеуметтік шиеленістерді жоюға ғана емес, сонымен қатар қазақстандық азаматтығын алуға байланысты олардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді.

Осыған орай, этникалық қазақтар оралман мәртебесін 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін, қолданылу мерзімі аяқталғанына қарамастан ұзартты.

Жергілікті атқарушы органның оралман мәртебесін ұзарту туралы шешімін алғаннан кейін азаматтар Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және оны беру үшін қажетті құжаттардың тізбесін алу үшін тұрақты тіркеу орны бойынша аумақтық полиция бөлімшелерінің көші-қон қызметтеріне хабарласуы қажет.

Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы материалдар Қазақстан Республикасы заңнамасының, атап айтқанда, "Көші-қон туралы", "Азаматтық туралы", "Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауды және тіркеуден бас тартуды тіркеу туралы" Мемлекеттік қызмет стандартын, Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен бекітілген 2015 жылғы № 315, ІІМ №85 бұйрығы бойынша қаралады. 

Мәртебе мерзімі өтіп кеткен оралмандар өз облысының немесе Республикалық маңызы бар қаланың Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына оны ұзарту және Ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен алу үшін жүгіне алады. Акция уақыты шектеулі екенін хабарлаймыз. 

Қосымша ақпаратты мына телефондар бойынша байланыс орталығынан алуға болады:

• 1404 (Барлық қазақстандық мобильді операторларға қоңырау шалу тегін жүзеге асырылады)

• 8 800 080 14 04 (Қазақстан бойынша қалалық нөмірлерден қоңырау шалу тегін жүзеге асырылады)
• +7 7172 98 14 04 (қоңыраулар қалалық нөмірлерден Қазақстан бойынша тегін жүзеге асырылады, шетелден шетелдік байланыс операторының тарифі бойынша)
• +7 701 000 14 04 (WhatsApp пен Telegram хабарламалары үшін)

0 пікір
Мұрағат