Есеп комитеті: «Оқудан шыққан студенттер білім беруге жұмсалған қаржыны қайтаруы тиіс» (видео)
Есеп комитеті: «Оқудан шыққан студенттер білім беруге жұмсалған қаржыны қайтаруы тиіс» (видео)
8 жыл бұрын 2530 24.kz фото: dopcult.com

Есеп комитеті Білім және ғылым министрлігінен 1 млрд 800 млн теңге көлемінде заңбұзушылықты анықтады. Бұл туралы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаттарын пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қортындысында айтылды. Бақылау кезінде 918 млн теңге қайтарылған. Совхозбек Құлмағанбетов, Есеп комитетінің мүшесі: - Ғылыми зерттеулер жүргізген жүргізгенде де бұзушылықтар анықталды. 2013 жылдан бастап 1 млрд 455 млн теңге игерілмей отырды. Қомақты қаржы зерттеу жұмыстарына арналған. Алайда, 2013 жылдан бері мекеменің есеп шотында игерусіз жатқан. Сондай-ақ, жиын барысында құзырлы орган білім беруге жұмсалған қаржыны студенттер қайтарсын деген ұсынысты айтты. Бұл қатаң тәртіп тек грантта оқыған, алайда үлгерімі нашарлап немесе тәртіп бұзғаны үшін оқудан қуылған және өз еркімен кеткен студенттерге қатысты. Өткен жылы осылай оқудан кеткен 366 студентке 938 млн теңге шығындалған. Қозыкөрпеш Жаңбыршин, ҚР Есеп комитетінің төрағасы: - Адамның оқуына ақша жұмсалды. 2-3 жыл оқыды. Бірақ оның үлгерімі төмендеп, нәтижесінде оны оқудан шығарды. Меніңше, жұмсалған қаражатты қайтаратын тетік болу керек.

 

0 пікір
Мұрағат