Ерлердің денсаулығы үшін арнайы бағдарлама қажет (видео)
Ерлердің денсаулығы үшін арнайы бағдарлама қажет (видео)
8 жыл бұрын 3200 khabar.kz

Қазақстанда ер азаматтардың денсаулығын жақсарту мәселесі мемлекеттік деңгейде қаралуы қажет. Арнайы бағдарлама түзіліп, медициналық қолдау күшейтілсе игі. Еліміздің білікті уролог-дәрігерлері Ертіс өңірінде бас қосып, осындай бастама көтерді. Алматыдағы Бинеш Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығының мәліметіне сүйенсек, былтыр ел бойынша 45 мың ер азамат тексеруден өткен. Нәтижесінде олардың 16%-ы простатит, 22% зәртас ауруына және 17%-ы өзге де ауруларға шалдыққаны анықталды. Еліміздің бас урологы, профессор Мырзакәрім Алшынбаев болса, қазір  ерлердің арасында белсіздік белең алғанын айтады. Оның халықаралық шектік деңгей 15% болса, еліміздегі көрсеткіш 16%-ға жеткен.  Дәрігер: «Дереу шаралар қабылданбаса, бұл теріс тенденция демографиялық дағдарысқа әкелуі мүмкін», – дейді. Мырзакәрім Алшынбаев, ҚР-ның бас урологы: - Егер Үкіметтен бағдарлама болып, соған дерлік ақша бөлінсе, сонда мына біздің еркектердің, ерлердің өмір сапасы жақсарар еді. Михаил Кан, уролог-дәрігер: - Ер-азаматтар дәрігерлерге уақытында барып тексерілмейді. Бұл, әрине, урологиялық аурулардың туындауына сеп болып жатады. Сондықтан, ауруды алдын алу үшін ерте диагностика жасаған жөн. Әйтпесе, ер дертке төтеп бере алмай, ота жасауға тура келеді.

0 пікір
Мұрағат