Ерекше қорғалатын аумақтарға мал жайып, шөп орғандарға салынатын айыппұл мөлшері ұлғайды
Ерекше қорғалатын аумақтарға мал жайып, шөп орғандарға салынатын айыппұл мөлшері ұлғайды
2 жыл бұрын 892 inform.kz

Ереше қорғалатын аумақтарда заңсыз шөп шапқан, мал жайған және қоқыс тастағандарға салынатын айыппұл мөлшерлері ұлғайтылды. БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғамбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ерекше қоғалатын табиғи аумақтарда экологиялық жауапкершілікті арттыру мақсатында ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, енді заңсыз шөп шабу мен мал жаю, орманды қалдықтармен ластау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу тәртібін бұзу бойынша айыппұл мөлшерлері ұлғайтылды. Сондай-ақ, Салық кодексіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіруі үшін ақыны автокөліктерден алу мүмкіндігін көздейтін тиісті өзгерістер еңгізілді», - деді Данияр Тұрғамбаев.

Спикер сөзінше, Қазақстан БҰҰ-ның Даму Бағдарламасымен бірлесіп, туристтік қызметтер саласындағы ұлттық стандарттарға бірқатар өзгеріс енгізіліп жатыр. Ол табиғатқа қарсы адам қолымен жасалатын әрекеттерді азайтуға ықпал етпек.

Сонымен бірге, Данияр Тұрғамбаев 2022 жылы ұлттық парктердің аумағында ереже бұзған адамдарға 640 млн теңге айыппұл салынғанын айтты.

0 пікір
Мұрағат