Енді өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар салық төлеуге міндетті
Енді өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар салық төлеуге міндетті
7 жыл бұрын 5197

Қазақстан үкіметі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды салық төлеуге міндеттейді. Бүгін Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев заңсыз кәсіпкерлердің қызметін бақылау үшін екі бірдей министрлік жұмыс істеп жатыр деді. Шенеунік өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың жауапкершілігін еңбек министрлігі көтеріп отыр дейді. Бұл туралы  stan.kz ақпарат көзі КТК арнасына сілтеме жасай отырып хабарлады. 

Осы себеппен Ерболат Досаев қаржы министрлігімен бірлесе отырып, жаңа заң жобасын дайындайды. Бұл заң бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар салық төлеуге міндетті болады.

Айта кетейік, міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізілгеннен кейін өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға байланыста дау шыққан болатын. Белгілі болғандай Қазақстанда 2 миллионнан астам азамат еш жерде тіркемеген және салық төлемей жүр. Сонымен қатар Ерболат Досаев қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметіне ерекше назар аударды. Ол былтыр бұл жүйенің толықтай электронды форматқа көшірілгеніне қарамастан, бұл саладағы жемқорлықтың әлі тоқтамағанын айтып отыр.

«Қаржы министрлігінің мемлекеттік сатып алулар жөніндегі комитетінің бірінші міндеті мемлекеттік сатып алу қызметін айнадай таза ұстау. Әрине, мәңгілік ештеңе болмайды. Біздің халық талантты, олар әрдайым жаңа нәрсе ойлап таба алады. Бізде жаңа қиындықтар орын алмас үшін ардайым бір қадам алда жүруге тырысуымыз керек. Өз әрекетімізбен бизнестің дамуына кедергі жасамай, бюджет қаражатын тиімді пайдаланудың жолын іздеуіміз керек»,- деді Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ерболат Досаев.

0 пікір
Мұрағат