|
Енді жалған дипломмен жүргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
|
Министрлік, сонымен қатар, жалған құжат жасағандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Ғылым және жоғары білім министрлігі өтірік дипломның дәуірі аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Вице-министр Гүлзат Көбенованың айтуынша, енді кез келген жұмыс беруші EPVO жүйесі арқылы дипломның түпнұсқалығын оңай тексере алады.
1991 жылдан бері берілген 3,5 миллионнан астам диплом цифрлық базаға енгізілген.
«Соңғы жылдары берілген дипломдарда QR-код пен сериялық нөмір бар. Сол арқылы адамның шынымен оқыған-оқымағаны әп-сәтте анықталады», – деді вице-министр.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Шотландия астанасында алғашқы мұсылман мектебі ашылады
■
Әзірбайжан мешіттерінің жартысы имамсыз жұмыс істеп жатыр
■
Сауд Арабиясы қажылық пен ұмра бойынша оңтайлы шешім қабылдауға көмектесетін жүйені іске қосады