Енді аяғы ауыр әйелдер смартфон арқылы ем-дом алатын болды
|
Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қарағанды облысында енгізіліп жатқан телемедицина саласындағы қанатқақты жоба туралы айтып берді.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабар таратты.
“Бұдан бұрын телемедицина саласында дәрігер мен дәрігер байланысатын болса, қазір технологиялар кеңейтіліп, пациент пен дәрігер тікелей байланысатын болды. Қарағанды облысында қанатқақты жобамыз бар. Барлық аяғы ауыр әйелдің тегін мобилдік қосымшасы болады. Сол арқылы дәрігерінен, учаскелік терапевтен, акушер-гинекологтан кеңес алып, қаралу күнін белгілеп, диета бойынша сұрақтар қоя алады”, — деді Біртанов Денсаулық сақтау министрлігі коллегиясының отырысында.
Бұдан бөлек, екі жасқа дейінгі балаларды қарауға арналған мобилдік қосымша жасалып жатыр, оны 2017 жылдың соңында таныстыру жоспарда бар.