Еліші: Қазақстанда дәрігерлердің кәсіби қателіктері үшін жазасы жеңілдейді
Еліші: Қазақстанда дәрігерлердің кәсіби қателіктері үшін жазасы жеңілдейді
3 жыл бұрын 1041 “Адырна” ұлттық порталы

Қазақстанда дәрігерлерге кәсіби қателіктері үшін жазаны жеңілдетуі мүмкін. ҚР денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлерді қорғау мақсатында заң жобасын әзірлеуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Гинияттің айтуынша, бұл жеңілдік дәрігерлерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды.

"Норма медицина қызметкерлерін зиян келтіргені үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Заңның кейбір нормалары жеңілдетілуде. Заң жобасы бір ай ішінде мәжіліске жіберіледі", - деді министр баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, заң жобасы мыналарды көздейді:

- қылмыстық нормаларды гуманизациялау, атап айтқанда, жазаны жеңілдету, соттың қарауы үшін бас бостандығын шектеуге балама енгізу арқылы бас бостандығынан айыру мерзімін қысқарту;

- медициналық қызметкерлерге кепілдіктер мен әлеуметтік қолдау көрсетуге, олардың мәртебесін арттыруға қатысты нормалар - біржолғы ынталандыру төлемін төлей отырып, "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағын белгілеу.

Қазақстандықтар қоқысты көбірек шығара бастады – зерттеу

2021 жылы кәсіпорындар жинаған коммуналдық қалдықтардың жалпы көлемі 3,2 миллион тоннаға жетті. Бұл бір жыл бұрынғыдан бірден 13,4 % көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Салыстыру үшін: 2020 жылдың осы кезеңінде елімізде 2,8 млн тонна коммуналдық қалдықтар жиналды (жылына минус 3,5%).

Жиналған 3,2 миллион тонна қалдықтардың 1,9 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына жөнелтілді. 1,2 миллион тоннасы үшінші тұлғаларға және қалдықтарды өңдеу зауыттарына жіберілді, деп жазды Energyprom агенттігі.

Елдегі коммуналдық қалдықтардың басым бөлігі тұрмыстық қалдықтар болды: 2,1 млн тонна.

Олардан кейін:

  • тұрмыстық қалдықтарға теңестірілген өндіріс қалдықтары (644,3 мың тонна)

  • көше қоқысы (333,4 мың тонна)

  • базар қалдықтары (71,1 мың тонна)

  • құрылыс қалдықтары (26,1 мың тонна)

  • жылыжай қалдықтары (7,9 мың тонна).

Өңірлік тұрғыда коммуналдық қалдықтардың басым бөлігі Алматыда жиналды: 480,4 мың тонна – бір жыл бұрынғыдан 15,9%-ға артық. Екінші орында Қарағанды ​​облысы (383,9 мың тонна, плюс жылына 5,4%), үшінші орында Павлодар облысы (380,8 мың тонна, жылдық өсім бірден 2,3 есе) тұр.

Барлық коммуналдық қалдықтардың ең азы Атырау облысында жиналды: бар болғаны 61 млн тонна, жылына минус 2,6%.

2021 жылы Қазақстанда қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және орналастырумен айналысатын 233 компания болды. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға артық. Бұл компаниялар 1,2 млн тонна қалдықты сұрыптаған, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,9%-ға артық.

Ең көп көлем пластмасса, пластик, полиэтилен және полиэтилентерефталат қаптамаларына тиесілі: 158,2 мың тонна. Сонымен қатар 152,8 мың тонна макулатура, картон және қағаз қалдықтары, 83,8 мың тонна сынған әйнек қалдығы, 35,9 мың тонна тамақ қалдығы, 29,3 мың тонна ағаштар мен жапырақтар, 21,3 мың тонна түсті және қара металл сынықтары, 5,5 мың тонна текстиль және киім қалдықтары, 1,9 мың тонна шина қалдығы шыққан.

Айта кетейік, 2021 жылы Қазақстанда коммуналдық қалдықтарды жинаумен және шығарумен айналысатын кәсіпорын саны 676-ға жетті. Бір жыл бұрын 625 кәсіпорын болған еді. Оның 247-сі жеке кәсіпкерлер болса, 429-ы кәсіпорын мен ұйымдар.

Еңлік Сақтан

0 пікір
Мұрағат