Елімізге соңғы жеті жылда 7 мың шетелдік маман шақырылған
Елімізге соңғы жеті жылда 7 мың шетелдік маман шақырылған
10 жыл бұрын 2938 khabar.kz

Қазақстан бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі бойынша соңғы 5 жылда инновациялық қауқарын 31 позицияға көтерген. Ал ғылыми зерттеу ұйымдары жұмысының сапасы 29 позицияға жоғарылаған. Назарбаев Университетінде «Зияткер Қазақстан» деп аталған жиында мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова осындай деректер келтірді.  Бірақ, кемшілік те жоқ емес. Ғалымдар жетіспейді.  Мәселен, біздің елімізде 1 млн халыққа 1 мың 392 ғылыми кадр болса, Ресейде екі есеге артық, яғни, 3 мың 300-дей зерттеушіден келеді екен. Дегенмен, Елбасы тапсырмасымен шетелден білікті мамандарды шақыру бағдарламасы белсенді жүргізіліп отыр.  2010 жылдан бері елімізге шет жерден 90 ғалым келген. Біздің елде тұрақты жұмысқа тұрған 33 ғылыми кадрдың дені Назарбаев Университетінде еңбек етіп жүр.  Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Мемлекет басшысының ғылымды қолдауға баса мән беретінін айтты. Озық экономиканы қалыптастыру үшін екі зияткерлік-инновациялық кластер құрылғанын атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы: - Президент Нұрсұлтан Назарбаев елімізде ғылымның дамуына ерекше қолдау көрсетіп отыр. Мәселен, өткен жылы 7 ғалымға әл-Фараби атындағы мемлекеттік сыйақы берілді. Қазір оның көлемі 18 млн 600 мың теңгені құрайды. Ғылымның әлеуетіне ерекше мән бергеніміз жөн. Ерлан Сағадиев, ҚР білім және ғылым министрі: - Президенттің тапсырмасымен шетелден кадрлар шақыру бағдарламасының орындалып келе жатқанына 7 жыл. 10 млрд теңге қаражат жұмсалды. Ендігі жоғары оқу орындары осы жылдар ішінде қандай тәжірибе жинады, қандай нәтиже бар, осы сараптамаларды анықтау керек.

 

0 пікір
Мұрағат