Еліміздің саяси өмірінде өзгеріс тудыратын құбылыс қарқын алып барады
Еліміздің саяси өмірінде өзгеріс тудыратын құбылыс қарқын алып барады
7 жыл бұрын 5042 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соңғы жылдары Қазақстан еңбек мигранттарын қабылдау көрсеткіші бойынша Ресейді артқа қалдырып барады. Бұл жайында EurasiaNet америкалық ақпарат көзінде Колумбия университетінің аспиранты Сара Кальдерон жазыпты. Ол мақаласында соңғы он жыл ішіндегі еліміздегі еңбек мигранттарының саны екі есе өскенін айта келіп, бұл үрдісті өз кезегінде Қазақстанның аймақтағы ықпалын арттыратын фактор ретінде қарастырыпты. Автор осылай дей келе қазіргі уақытта Тәжікстан мен Қырғызстан экономикасының еңбек мигранттары аударған ақшаға қарап қалғанын да баяндапты. Сөз орайы келгенде айта кету керек, көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның келтірген дерегіне қарағанда, өткен - 2017 жылы еліміздегі еңбек мигранттар қарасы екі миллионнан асып кеткен. Бұл заңсыз келімсектерді есептегендегі көрсеткіш екенін ескерсек, арты жақсылықпен аяқтала қояр ма екен. Өйткені, бізге ең алдымен аймақтағы ықпалдан гөрі ел ішіндегі тыныштық пен татулық және тұрақтылық маңызды, әсіресе, қазақ ұлтының есебінен болып отырған тұрақтылықтың құны тым жоғары болып отырғаны жасырын емес. Еліміздегі еңбек мигранттарының дені Орта Азияның аталған екі елінен және Өбекстаннан, Қытайдан келгендердің қарасы көп. 

0 пікір
Мұрағат