Еліміздің демографиялық ахуалы қалай? (инфографика)
Еліміздің демографиялық ахуалы қалай? (инфографика)
7 жыл бұрын 4269

2017 жылдың 1 тамызындағы мәліметке сүйенсек, елімізде халық саны 18054,0 мың адамға жетті, оның ішінде қалалықтар – 10351,7мың (57,3%), ауылдықтар – 7702,3 мың адам (42,7%). 2016 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда халық саны 235,4 мың адамға немесе 1,32% өсті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетіне сілтеме жасап.

 

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілері жазбаларындағы мәлімет бойынша, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 222,8 мың адам туған, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 6,5% аз. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 21,27 нәрестені құрады.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде республика халқының табиғи өсімі 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 15,3 мың адамға немесе 9,5% кеміп, 145,5 мың адам болды. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 13,89 адам.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 77,3 мың адам, бұл 2016 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда 0,4% аз. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 7,38 қайтыс болған.

2017 жылғы қаңтар-шілдеде республикада 1 жасқа дейінгі 1876 нәресте шетінеді. 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 15,2% азайды.

Нәресте өлім-жітімінің негізгі себебі - перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар, бұдан 2017 жылғы қаңтар-шілдеде 949 нәресте шетінеп, нәрестелер арасындағы жалпы өлім санының 50,6% құрады. Туа біткен ауытқулардан 435 немесе 23,2%, тыныс органдары ауруларынан – 117 немесе 6,2% , жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан – 100 немесе 5,3% нәресте қайтыс болды. 2017 жылғы қаңтар-шілдеде нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 адамға шаққанда 8,42 нәрестені құрады.

Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2017 жылғы қаңтар-шілдеде елімізге тұрғылықты тұруға келгендердің тіркелу саны 2016 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 39,1% көбейіп, 9 711 адам болды. Елімізден кеткен көшіп-қонушылардың тіркелу саны 2,3% көбейіп, 19 407 адамды құрады, көші-қонның айырымы - 9 696 адам болды.

Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда.

· ТМД елдерінен келгендердің үлесі 70,8%;
· ТМД елдерге кеткендердің үлесі 89,6% құрады.

Өңіраралық көшіп-қонушылардың үлесіне еліміздің жалпы ішкі көшіп-қонушылар санының 34,4% кұрады. Өңіраралық көші-қонның оң айырымы:

· Астана қаласы – 24 084 адам;
· Алматы қаласы – 14 944 адам;
· Ақмола облысы – 1836 адам;
· Атырау облысы – 151 адам қалыптасты.

2016 жылғы
қаңтар-шілде
2017 жылғы
қаңтар-шілде
Көші-қон – барлығы
Келгендер 265 507 585 728
Кеткендер 277 495 595 424
Көші-қон айырымы - 11 988 - 9 696
оның ішінде:
Ішкі көші-қон
Келгендер 258 524 576 017
Кеткендер 258 524 576 017
Көші-қон айырымы
Сыртқы көші-қон
Келгендер 6 983 9 711
Кеткендер 18 971 19 407
Көші-қон айырымы - 11 988 - 9 696
оның ішінде:
ТМД елдері
Келгендер 5 283 6 876
Кеткендер 16 926 17 397
Көші-қон айырымы - 11 643 - 10 521
Басқа елдер
Келгендер 1 700 2 835
Кеткендер   2 010
Көші-қон айырымы - 345 825
 
 
 

 

0 пікір
Мұрағат