Еліміздің бірнеше өңірінде ауа ластануы мүмкін
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа ластануы мүмкін
8 жыл бұрын 4233 pixabay.com

1 қаңтардан бастап 21 елді мекенде қолайсыз метеорологиялық жағдай (ҚМЖ) болжамы көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  "Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорнына сілтеме жасап. 

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері бірнеше облыста ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

"ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауаның температурасы) болжамы", - деп түсіндірді мамандар.

ҚМЖ болжамдалған елді мекендердің тізімі:

1. Астана; . Алматы;

2. Ақтөбе;

3. Атырау;

4. Ақтау;

5. Ақсу;

6. Ақсай;

7. Балқаш;

8. Екібастұз;

9. Жаңаөзен;

10. Қараганды;

11. Қызылорда;

12. Павлодар;

13. Петропавловск;

14. Риддер;

15. Тараз;

16. Теміртау;

17. Өскемен;

18. Орал;

19. Шымкент;

20. Жаңа Бұқтырма кенті;

0 пікір
Мұрағат