ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЛІМ ЖАЗАСЫ: СІЗ БІЛМЕЙТІН ФАКТІЛЕР
ЕЛІМІЗДЕГІ ӨЛІМ ЖАЗАСЫ: СІЗ БІЛМЕЙТІН ФАКТІЛЕР
6 жыл бұрын 4279

2003 жылы Қазақстан Республикасы өлім жазасына байланысты мерзімсіз түрде мораторий жариялады. Яғни, өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айырылу немесе белгілі мерзімде қатаң бақылаудағы түрмеде қылмысын өтейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде өлім жазасы 17 жағдайда қарастырылған:

- террористік әрекетке бару;

- адамдарды көп мөлшерде қыру, соғыс уақытындағы жоғарғы деңгейдегі қылмыс жасау. Нақтырақ тоқталсақ: «соғыста тыйым салған құрал мен әдісті пайдалану», «геноцид», «жалдамалы болу», «соғыс уақытында мемлекетті сату», «ҚР алғашқы президентіне қастандық жасау», «ҚР Президентінің өміріне қастандық жасау», «Диверсия», «Терроризм актісі», соғыс уақытында әскери қызметтен жалтару мен бас тарту», «Соғыс уақытында қашу».

Өлім жазасына мораторий жарияламас бұрын елімізде 536 адамға сот үкімі орындалған. Ал 2003 жылдан бері 5 адам өлім жазасына кесілген. Мораторий жарияламас бұрын тек 2003 жылы 12 адам өлім жазасына кесілді.

2004 жылдың 1 қаңтарынан бері мораторий шексіз мерзімде заңдық күшіне енді. Дегенмен кез келген сәтте заң өз күшін жоя алады.

Қазіргі сәтте 100 шақты адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған. Олар жазаларын Қостанай облысындағы «Қара бүркіт» колониясында өткереді.

Қазақстанда өлім жазасы атумен іске асқан.

Өлім жазасы соттың үкімі шыққан соң, 1 жыл ішінде жүзеге асырылады.

Заң бойынша өлім жазасына жасы 63-тен асқан тұлғалар кесілмейді.

Еліміздегі бірнеше террористік актілерден кейін бірнеше рет өлім жазасына мораторийді алып тастау туралы ұсыныстар тасталған. 


Бұл жайында arhar.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

0 пікір
Мұрағат