Еліміздегі көлік апатының негізгі себептері қандай?
|
Ресми мәлімет бойынша биылдың алғашқы тоқсанында ел аумағындағы жолда 3 мыңнан аса көлік апаты тіркелген. Нәтижесінде 295 адам бақилық болып, 4 мыңнан аса адам жарақат алған. Еліміздегі жол-көлік оқиғасының орын алуына мыналар себеп болған. Негізгісі - жол жүру ережесін сақтамау - 72%. Бұл категорияға жылдамдықты асыру (28%), қарсы бағытқа шығып кету (6%) жатқан. Айтқандайын, жол-көлік апатынан қаза тапқандар мен ауыр жарақат алғандар үлесі көп осы қарсы бағытқа шығып кету салдарынан болатын апатта. Осыған байланысты мамандардың кеңесі мынадай:
- жаяу жүргіншілер жолағына жақындағанда, мектеп пен тұрғын үйлердің тұсында жылдамдықты азайту;
- жолда арақашықтықты сақтаңыз;
- басып озғысы келетін арт жақтан келе жатқан автокөлікке жол беріңіз, яғни, жылдамдықты азайтып, оның өтіп кетуіне мүмкіндік беріңіз;
- жол тайғақ кезде жылдамдықты арттырмаңыз;
- көлік айдап бара жатып, басқа нәрсеге алаңдамыз, мысалы, қалта телефонымен сөйлеспеңіз, т.б.