Еліміздегі ең сұранысқа ие 100 мамандық анықталды
Еліміздегі ең сұранысқа ие 100 мамандық анықталды
6 жыл бұрын 3124

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік бағдарламалар мен кадрлық қажеттілікті болжау негізінде 2025 жылға дейін сұранысқа ие сервистік және индустриялық 100 кәсіптің тізбесін әзірледі. Бұл жайында baq.kz ақпарат көзі хабар таратты. 

"Мамандықтар тізбесі Елбасының «Жас маман» бағдарламасын әзірлеу жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде әзірленді. Оған жоғары білімді қажет ететін 35 сұранысқа ие мамандық және техникалық және кәсіптік білімді қажет ететін 65 мамандық енгізілді, оның ішінде 10 жаңа мамандық енгізілген. Олардың ішінде өзекті: IT-мамандар, 3D модельдеу және толықтырылған нақтылық жөніндегі инженерлер, машинааралық оқыту жүйелері бойынша, жаңартылатын энергия көздері бойынша, өндірістің аддитивті технологиялары бойынша инженерлер, өндірісті автоматтандыру кезеңінде талап етілетін «ақылды» қала құрылысы, пилотсыз авиациялық жүйелер инфрақұрылымының сәулетшілері мен жобалаушылары және графикалық және мультимедиялық дизайнерлер мамандықтары бар" - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Кәсіптерді іріктеу үш параметрді қолдануға негізделген.

Бірінші параметр бойынша Қазақстан Республикасында іске асырылатын стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың негізгі басымдықтары ескерілді. Оның ішінде 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспары, Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, «Нұрлы жол» көлік инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы, «Нұрлы Жер» құрылысы, «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде өңдеу өнеркәсібі және басқалар. 

Екінші параметр аясында ҚР еңбек нарығында ұсынылған 1300 мамандық, ұлттық кәсіптер жіктелуіне сәйкес үш жүзден астам индустриялық және сервистік мамандықтар анықталды.

Үшінші параметрдің негізіне Еңбек министрлігінің 2025 жылға дейінгі кадрларға деген қажеттілік болжамының, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінің, "Атамекен" ҰКП мен оқу орындарының бірлескен күшімен сұратылған жұмыс берушілердің 700-ге жуық сауалнамасын талдау нәтижелері алынды.

Сұранысқа ие сервистік және индустриялық мамандықтардың тізбесі «Жас маман» бағдарламасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің 200 оқу орнын жаңғыртуға негіз болады.

Сұранысқа ие мамандықтар тізбесін мына жерден (үстінен басыңыз) көруге болады.

0 пікір
Мұрағат