Елімізде ҰБТ орнына қабылдау емтихандары болуы мүмкін
Елімізде ҰБТ орнына қабылдау емтихандары болуы мүмкін
7 жыл бұрын 2642

Білім және ғылым министрлігі ақылы негізде білім алғысы келген талапкерлер үшін, ҰБТ орнына қабылдау емтихандарын тапсыру мүмкіндіктері туралы хабарлады.

Бұл туралы stan.kz порталы Sputnik ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

Қазақстанның Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, ЖОО ақылы бөлімінің талапкерлері үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)  жүйесі қабылдау емтиханымен алмастырылуы мүмкін, деп хабарлайды “Ақжол” партиясының баспасөз қызметі.

“Ақжол” партиясынан шыққан мәжіліс депутаттарының пікірі бойынша, елдегі гранттарды тағайындау жүйесі Қазақстаннан “ақылдылардың” кетіп қалуына жол береді, талантты жастар елден тыс жерлерде ақысыз білім алу мүмкіндіктерін қарастырады. Ал, Ресей, Чехия, Қытай елдеріндегі ЖОО біздің бітірушілерді ҰБТ сертификаты болмаса да қабылдап, оларға гранттар тағайындайды.

“Вице-министр Аймағамбетов, министрліктің ЖОО ақылы бөлімінің талапкерлері ҰБТ орнына қабылдау емтихандарын тапсыру жүйесін қабылдау туралы дайын екенін айтты”, — делінеді партия хабарламасында.
 
Биылғы жылы гранттарды тағайындау процессі ҰБТ жоғары балл көрсеткіштері бар балалардың мемлекеттік грант иелене алмаған кезде, талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан сынға ұшыраған болатын.
0 пікір
Мұрағат