Елімізде түрлі себеппен қанша мың адам жұмысынан кетті (инфографика)
Елімізде түрлі себеппен қанша мың адам жұмысынан кетті (инфографика)
7 жыл бұрын 2671

017 жылғы төртінші тоқсанында ірi және орта кәсiпорындарға және ұйымдарға 189,5 мың адам қабылданды, түрлі себептермен – 200,0 мың адам жұмыстан кетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Статистика комитетіне сілтеме жасап. 

Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 77,4%, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты – 6,8%, басқа себептер бойынша – 15,8% құрайды. 2017 жылғы төртінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 27,3 мың бос орын бары белгілі болды.

2017 жылғы төртінші тоқсанында қабылдау бойынша айналым коэффициенті 6,9%, жұмыстан босату бойынша айналым коэффициенті – 7,3%, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – 5,7% құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 94,8% құрады.

Қабылдау бойынша айналым коэффициенті – бұл есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге қабылданғандар санына қатынасы.

Босатылу бойынша айналым коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге босатылғандар санына қатынасы.

Жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті – есептік кезең ағымындағы қызметкерлердің тізімдік санына орташа осы кезеңге тұрақсыздық себептері бойынша босатылған қызметкерлердің арақатынасымен анықталады. Тұрақсыздық себептеріне еңбек тəртібін бұзуына байланысты жəне өз еріктері бойынша босатылғандар жатады.

Жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті – босатылған қызметкерлердің санына қабылданған қызметкерлер санының қатынасымен сипатталады, яғни, босатылған қызметкерлердің қайта қабылданған кадрлармен ауыстырылуы.

0 пікір
Мұрағат