Елімізде спайстар есірткілік зат ретінде мойындалуы мүмкін
Елімізде спайстар есірткілік зат ретінде мойындалуы мүмкін
6 жыл бұрын 2966

ҚР Ішкі істер министрлігіндегілер елімізде спайстар саудасы барын жоққа шығармады. Ендігі мұндай заттарды ресми түрде есірткі ретінде мойындауға мүмкіндік беретін заң жобасы парламентее ұсынылды.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Аталған құжат спайстарды есірткілік заттар қатарына енгізуге мүмкіндік береді. Анықталғандай, бүгінде полицейлер әр белгісіз зат үшін адамдарды жауапқа тарта алмайтын көрінеді. Себебі, синтетикалық препараттардың кейбірі тізімде жоқ. Өндірушілер бұл турасында білген бойда препараттың формуласын өзгертіп, нарыққа шығаруын жалғастыра береді. Ал мұндай заттарды тарататын негізі арна ретінде ғаламтор желісі екен.

«Президент әкімшілігінің бізге және Ұлттық банкке QIWI-әмияндарды жою туралы берген тапсырмасы бар. Төлем туралы заңға сәйкес, бізде 10 АЕК-ке (20 450 теңге) дейінгі төлемді анонимді түрде жүргізуге болады. Біздің ойымызша, бұл дұрыс емес. Барлық есепшотта төлем жүргізген адамның аты-жөні көрсетілуі тиіс. Сондықтан біз ғаламтордағы анонимді сауданы тоқтатамыз», – дейді ҚР ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымов.

0 пікір
Мұрағат