Елімізде қанша шетелдік азамат жұмыс істеп жүр?
Елімізде қанша шетелдік азамат жұмыс істеп жүр?
7 жыл бұрын 3672 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Еліміздің аумағында заңды түрде 27 мың шетел азаматы жұмыс істеп жүр. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. "Көші-қон туралы жаңа заң қабылдадық, дәлірегі, өзгертулер енгіздік. Онда шетелдік жұмысшыларды тарту процедурасын оңайлату және олардың біліктілігіне қатысты қойылатын талаптарды қатаңдату қарастырылған",- деді министр ханым. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ел аумағында жұмыс істеп жүрген шетелдіктердің қарасы еліміздегі жұмыспен қамтылғандардың санына шаққанда 0,4 пайызды құрайды. Айта кетейік, шетелдік жұмысшылардың дені елімізге Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдерден, яғни, бұрынғы КСРО құрамында болған мемлекеттерден келген. Нақтырақ айтқанда, шетелдік жұмысшылардың ТМД елдерінен келгені 68,9 пайызды құраған. 

0 пікір
Мұрағат