Елімізде қанша бала артық салмақтан зардап шегеді
|
Елімізде әрбір бесінші бала артық салмақтан зардап шегеді. Елімізде артық салмақтан зардап шегетін балалардың қарасы 21,5 пайызға жеткен. Бұл алаңдатарлық көрсеткіш. Бұған тез дайындалатын тағамдар себеп болып отыр. Бұл жайында Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Нақтырақ әрі тарқатып айтқанда, аталмыш министрліктің "Дені сау ұлт – қуатты мемлекет!" деп аталатын әлеуметтік жобасы балаларды семіздік індетінен сақтауға бағытталған. Еліміздегі артық салмақтан зардап шегетін балалардың көбісі қалалық жерлерде тұрады. Соған байланысты қоғамдық орындардағы тез дайындалатын тағамдар балалардың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді. ҚР қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық орталықтың қоғамдық денсаулықты нығайту орталығының бас маманы Диана Күнжарықованың айтуынша, балалар тағамының 60 пайызын жеміс-жидекке, 25 пайызын дәнді-дақылдарға, тек 15 пайызын етке бөлінуі тиіс.