|
Елімізде педиатр мамандығы қалпына келтіріледі
|
Алматы қаласындағы Санжар Асфандияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университеті қабырғасында "педиатрия" мамандығы бойынша білім беру мақсатында 150 мемлекеттік грант бөлінді. Бұл жайында аталмыш жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі мәлім етті. Айта кетейік, бүлдіршіндердің денсаулығына тікелей жауапты мұндай мамандық еліміздің аумағында тек аталған жоғарғы оқу ордасында да дайындалады. Аталған мамандықты оқыту 2017-2018 оқу жылында қалпына келтірілетін болды. Дәрігерлер 5 жыл бакалавриат форматында, 2 жыл интернатура форматында оқытылады. Аталған университет бұл мамандықты оқыту лицензиясына 2017 жылдың шілде айының 20-ы күні ие болды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр