Елімізде крематория салынады
Елімізде крематория салынады
5 жыл бұрын 3094

Қазақстандықтарға енді қайтыс болған жақындарын кремациялау үшін шет ел асып қажет жоқ. Алматы қаласының Алатау ауданы аумағында крематорий құрылысын бастау жоспарлануда.

Алматыда  крематорий салу үшін жобалық - сметалық құжаттар  әзірлеу үшін тендер жарияланды.Жобалық – сметалық құжаттарына 46,8 млн теңге бөлініп отырған крематорий техникалық шарттарға сәйкес екі пеші бар бір залдан тұрады деп жазады informburo.kz сайты.

Крематорий  Алатау ауданында орналасқан жаңа мәйітхананың маңайына салынбақ. Жоспар бойынша крематорий салу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау көзделуде. Қазақстандықтар жерлеу  қызметтерін  көрсету бюросына марқұмдарды кремациялау туралы өтінішпен жиі жүгінетіндігін айта кету керек.

Десек те, крематорий мәселесіне иісі қазақ үрке қарайтыны жасырын емес. Бұл сөздің өзі санамызда қалған сонау сойқан жылдардағы қорқынышты көріністі жаңғыртатыны сөзсіз. Жалпы, крематорий не үшін керек? Әдетте мәйітті жерлеуге арналған орындарды үнемдеу үшін крематорий өте тиімді саналады. Сонымен қатар, бірқатар ұлт өкілдері өз діни сенімдері негізінде мәйітті өртеу ғұрпын, яғни крематорийді таңдайтыны тағы бар. Ал Қазақстанда крематорий салу қандай қажеттіліктен туындады?

0 пікір
Мұрағат