Елімізде жетім балалар отбасын өзі таңдайтын болады
Елімізде жетім балалар отбасын өзі таңдайтын болады
8 жыл бұрын 3235 © Altyn-orda.kz

"Отбасына бала асырап алғысы келетін отбасыларды есепке алуды реттеумен қатар, балаларға да басымдық берілетін болады. Мен бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде мәселені басқаша қойып отырмын. Енді отбасы балаларды емес, балалар отбасын таңдайтын болады", - деді Зағипа Бәлиева.

Осы ретте, оның айтуы бойынша, баланы кемсітпей, қорламай, отбасын таңдау кезінде қиын жағдайға қоймай, оған таңдау құқығын қалайша дұрыс беру керектігі туралы ойлану қажет.  

"Әрине, біз балаларға отбасына келгеннен кейін олардың ережелерімен өмір сүру керектігін түсіндіруіміз қажет", - деп қосты депутат.

Ол бұрын Қазақстанның балалар үйлерінен шыққан балалардың 4 пайызы ғана университеттерге түссе, қазіргі кезде 40 пайызы жоғары білім алатынын атап өтті.  

Қазақстанда 29 660-тан астам бала қамқорлыққа, қорғаншылыққа алуды, асырап алуды қажет етеді. 21 мыңнан астам жетім бала отбасымен тұрады.

0 пікір
Мұрағат