Елімізде жалақы берешегі 200 млн теңгеге жеткен
|
Ағымдағы жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инпекторларымен 44 кәсіпорында 348 жұмыскер алдында 200 млн. теңге соммасындағы ағымдағы жалақы берешегі анықталды.
Аталған кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 40 ұйғарым беріліп, 4 млн. теңге соммасында 20 әкімшілік айыппұл салынды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, қолданылған шаралар нәтижесінде 50 млн. теңге соммасында жалақы берешегі төленді. 300-ге жуық жұмыскердің құқықтары қорғалды, оның ішінде республиканың 3 кәсіпорнында қолданылған шаралар нәтижесінде 158 жұмыскердің алдындағы жалпы соммасы 17 млн. теңге болатын жалақы берешегі толығымен төленді, «СП Sareco» ЖШС – 118 жұмыскер алдында 14,9 млн. теңге (Ақмола облысы), «Жамбылгипс» ЖШС – 23 жұмыскер алдында 1,1 млн. теңге, «Жамбылгипсстрой» ЖШС – 12 жұмыскер алдында 1 млн. теңге (Жамбыл облысы).
Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен жалақы берешегін анықтау және оны жоюға бағытталған нысаналы шараларды қолдану жалғасуда.